Қарағандыда Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін «Адам өмірін сақтау» квесті өтті.
Іс-шараның мақсаты өрт сөндіруші-құтқарушының жұмысымен танысу, олардың күштері мен рухтарын сезіндіру болды.
Қарағанды облысы ТЖ департаменті ұйымдастырған квест қатысушыларына бірнеше практикалық тапсырмалардан өту қажет болды. Тапсырмалар мүмкіндігінше шынайы жағдайларға жақын болды.
Квест шеңберінде әртүрлі жағдайларды имитациялайтын кезеңдерден өту болды: сүңгуірлік жарақта су астында зардап шегушіні іздеу, қайықтан құтқару шеңберін лақтыру, оқу мұнарасынан альпинистік түсу, өрт автосаты бойынша көтерілу.
Сондай-ақ, құтқарушылар қонақтарға сүңгуірлердің көрсетілімдерін, кинологиялық есептоптардың өнерін және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша мастер-класс ұйымдастырды.
Іс-шара соңында квест қатысушыларына ҚР ТЖ министрі мен Қарағанды облысы ТЖ департаментінің алғыс хаттары табыс етілді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі