Кәсіби мереке қарсаңында республикалық және облыстық БАҚ өкілдері үшін бірқатар көрнекі іс-шаралар ұйымдастырылды. Павлодар қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында жаңа өрт сөндіру техникасының, құтқару жабдықтары мен керек-жарақтарының көрмесі ұйымдастырылды. Қонақтарға экскурсияны Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Д. Қыдырмоллаев жүргізді. Журналистер өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін киіп көрді, құтқарушылар өздерінің күнделікті жұмысында қандай құралдар мен жабдықтарды қолданатынын көрсетті. Оқу - жаттығу мұнарасына екінші қабаттың терезесіне көтерілу, жауынгерлік қанат жаю және жүз метрлік кедергілері бар жолақтан өту көрсетілімі өте қатты әсер қалдырды.
Кездесуде қатысушыларды ТЖ департаментінің бастығы генерал-майор Ж.Қ. Жұмашев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Х. Асқарова қарсы алды.
«Журналист мамандығы әрқашан ерекше орынға ие болды, ал БАҚ миллиондаған адамдар арасында танымал және сенімді болды, және бүгінгі таңда олардың беделі көптеген компоненттерден тұрады - ақпаратты жедел беруден бастап, баға жетпес бағалауға және оқиғаларды терең талдауға дейін. Сіздердің жарияланымдарыңыздың батырлары атынан құтқарушылардың, өрт сөндіруші жауынгерлердің, өрт сөндіру бөлімшелері командирлерінің, авариялық-құтқару жұмыстарына қатысатын төтенше қызметтер қызметкерлерінің қиын еңбегін жария еткендері үшін ерекше алғысымызды білдіреміз», деп атап өтті. Сонымен қатар оларды ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Х. Асқарова құттықтады.
Журналистер жылы және қуанышты қарсы алғаны үшін алғыстарын айтып, ТЖ департаментінің ұжымы алғашқылардың бірі болып байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесін сезінуге мүмкіндік бергенін атап өтті.
Іс-шара соңында журналистер тобы мен теле және радиокомпаниялардың ұжымдары ҚР ТЖМ және ТЖ департаментінің ведомстволық наградаларымен марапатталды. «Бақытты балалық шақ» жас радио жүргізушісі де марапат алды.
Павлодар облысы ТЖ
департаментінің қоғаммен байланыс тобы