
28 маусымда Ақмола облысында «Жас құтқарушы» ІІІ республикалық слеті басталды. Слет республиканың барлық облыстары мен қалаларынан келген 17 команда құрамында 200-ден астам қатысушыны біріктірді. Салтанатты шара «Тәуелсіздік» алаңында өтіп, «Достар» МҮ жарыстың бірінші кезеңі, «Визит карточкасы» шығармашылық байқауы жалғасын тапты.
Республикалық слетті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі және "Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы" ҚБ Ақмола облысының Көкшетау қаласында М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының базасында ұйымдастырады және өткізеді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли 2022 жылғы 9 мамырда Целиноград ауданының Ақмол ауылындағы су айдынында балаларды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі үшін Виктор Степанович Кулаевты «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады.
Естеріңізге сала кетейік, іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жан-жақты дамыту және дайындау, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын алу және жетілдіру.
Слет бағдарламасы бойынша жарыстардың келесі түрлері қарастырылған: «Өзін-өзі таныстыру», «Өрт эстафетасы», «Газет – жарнама қалқаны», «Алғашқы медициналық көмек», «Техногендік апат аймағындағы авариялық-құтқару жұмыстары», «Іздестіру-құтқару жұмыстары», «Су айдынындарындағы құтқару жұмыстары».
Айта кету керек, құтқарушы мен өрт сөндірушілердің кәсібі – оңай жұмыс емес. Алайда, бүгінгі таңда жастар бұл бағытты жиі таңдайды. Мұндай іс-шаралардың маңызды аспектісі – балаларды өрттен және басқа да төтенше жағдайлардан қорғау тәсілдері туралы хабардар ету. Бүгін алаңда барлық сынақтар мен дайындықтардан өткен Үздік жас құтқарушылар кездесті.
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті