Алматыда Азаматтық қорғау ардагерлерін Қазақстанның Мемтехнадзор басқармасының мерейтойымен құттықтады

Алматыда Азаматтық қорғау ардагерлерін Қазақстанның Мемтехнадзор басқармасының мерейтойымен құттықтады

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде азаматтық қорғау ардагерлері мен Департамент қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

Департамент басшысы Дәурен Орынбекұлы Тілеубаев құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлерге Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің алғыс хаттары мен Қазақстан төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің ұйымы «Қоғамдық Бірлестіктің орталық ардагерлер кеңесінің» «Ардагер» төсбелгілерін табыс етті.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Департамент басшысының орынбасары Әділ Мұратұлы Катубаев Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің алғыс хатымен марапатталды.

Сондай – ақ, Департамент қызметкерлерінің балалары 100 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Менің ата-анам – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының қызметкерлері» тақырыбындағы шығармалар мен суреттер конкурстары бойынша номинациялармен марапатталды.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті