Жас сарбаздар Отан алдында ант берді

Жас сарбаздар Отан алдында ант берді

2022 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 28237 әскери бөлімінде 1-2022 жылғы шақырылымның жас толықтырылым сарбаздарын салтанатты түрде Әскери ант қабылдауға келтіру рәсімі болып өтті.

Іс-шараға азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары А.С. Советов, бөлімше комнадирлері, ардагерлер мен туыстары қатысты.

Әскери ант қабылдау рәсімі жеке құрамның саптық алаңда салтанатты маршпен жүріп өтуімен аяқталды. Оның ішінде жас толықтырылым да ерекше адымдарымен ерекшеленді. Осы сәттен бастап олар толыққанды Отан қорғаушылар болып есептеледі. Олар әскери дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады, алдағы уақытта олар әскери қызметтің шеберлігі мен құтқару дайындықтарын меңгеріп, саптық және дене дайындығын жалғастыратын болады.

Әскери ант қабылдау күні жас жауынгерлер үшін  естен кетпес сәт, өйткені көңілдеріне қайсар рух пен патриоттық сезімі дарыды. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушы жауынгерлері жер шарындағы өмір үшін өз жандарын қияюға әзір, өйткені олар Төтенше жағдайлар министрлігінің «Соққы күші» болып табылады, демек, бір адамды құтқарған – бір әлемді құтқарғанмен тең.

 

ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімі