
25 маусымда Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясы мен Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясында курсанттарды, студенттер мен тыңдаушылардың оқуды бітіруіне орай салтанатты шара өтті.
Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясы мен Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясының түлектеріне арналған мерекелік іс-шара Ресей ТЖМ министрі генерал-лейтенант Александр Вячеславович Куренковтың басшылығымен өтті. Шараға Қазақстан Республикасының ТЖ бірінші вице-министрі генерал-майор Ибрагим Дәукесұлы Күлшімбаев және Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Беделбайұлы Көшербаев қатысты. Олар түлектерді құттықтап, сөз сөйледі.
Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясы мен Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясының түлектеріне дипломдар мен төсбелгілер табыс етілді.
2022 жылы Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының күндізгі оқу бөлімінде Қазақстан Республикасынан 3 тыңдаушы және 5 курсант оқыды. Оның біреуі оқуды «қызыл дипломға» бітірді. Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясында Қазақстан Республикасының 11 курсанты білім алып, екеуі оқуын «қызыл дипломға» бітірді.
Қазақстан ТЖ бірінші вице-министрі генерал-майор Ибрагим Күлшімбаев ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын тәмамдаған Қазақстан Республикасының түлектеріне жоғары білім туралы дипломдарды және медальдарды табыстап, түлектерге жылы лебізін білдірді.
Шара барысында құрметті қарауыл ротасының көрсетілімдері ұйымдастырылды. Академия түлектері оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты маршпен өтті.
Жыл сайын Қазақстан Республикасы ТЖМ қызметкерлерінің қатарын дайындықтан өткен офицерлер толықтырып отырады, оларды сөзсіз жоғары білім деңгейі, кәсібилігі, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге және көмек көрсетуге дайындығы ерекшелендіреді.
ҚР ТЖМ Кадр саясаты департаменті