Қауіпсіздік шараларын білмейтіндерге қарсы «Су перісі»

Қауіпсіздік шараларын білмейтіндерге қарсы «Су перісі»

ШҚО ТЖД құтқарушылары қауіпсіздік шараларын бұзатын демалушылармен акция өткізді. Акцияны өткізу үшін суға шомылуға тыйым салынған жер – КМК  жағажайы таңдалды. Тура осы жағажай қауіпсіздік шараларына сай келмейді, түбі терең және сүңгуірлер оны тексермеген. Бұл жерде бірнеше рет қайғылы оқиғалар болды. Өңір құтқарушыларының міндеті, демалушылардың өлімінің алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік шараларын сақтауға назарын аударту.

Ертегі кейіпкері «Су перісі» кімде-кім спирттік ішімдік ішсе, алысқа жүзіп кетсе, соны торға орап, жағажайға сүйреп шығарады.

 «Біз тек алдын алуға осылай әрекет еткенде ғана, көптеген адамдар біздің жиі айтып ескертетін, ұсыныстарымызды естеріне ала бастады. Демалушылармен нұсқаулықтар өткізілді, су айдындардағы адамдар өлімінің себептері және «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 364 және 440 баптарын бұзушылық үшін жауапкершілік түсіндірілді.

Акция идеясы ШҚО ТЖД қызметкерлерінде тектен-тек туындаған жоқ, демалушылардың қауіпсіздік мәдениетін жоғарылату мен суда адамдар өлімінің көбеюіне азаматтардың назарын аударту мақсатында болды»,- деп атап өтті ШҚО ТЖД-де.

Статистикаға сәйкес Шығыс Қазақстанда 2022 жылғы суға шомылу маусымы басталғаннан бастап 10 азамат суға кетті, оның ішінде 1 бала. Екі соңғы жағдай 24 маусымда Үржар ауданындағы Алакөл көлінде болды, онда 1999 жылы туылған ер бала суға кетіп қалды, ол жабдықталмаған жерге суға шомылған. Ол жағалаудан аса ұзап жүзіп кетіп, кері қайта алмай қалған. Бұл күні көлде қатты дауыл болған еді, толқын оның денесін жағаға шығарып тастады. Келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлері оның өлгенін дәлелдеді.

Осы күні Күршім ауданында Күршім өзенінде рұқсат етілмеген жерде суға шомылған ер адам суға кетті. Оның денесін құтқарушылар алып шықты. Осы барлық жан түршігерлік мысалдар, азаматтардың құтқарушылардың ұсыныстарына құлақ аспай, қауіпті жерлерге суға шомылатынын көрсетеді. Көбінесе адамдар еш қорқынышты ойламай, өз өмірлерін қатерге тігіп, суға түсуге барады. ШҚО ТЖД мамандары демалушылардан тыйым салу белгілеріне немқұрайлы қарамауға, дем алған кезде өңірімізде бар 16 рұқсат етілген жерге басты назар аударуларын сұрайды.

Суға шомылуға қауіпті жерлерге құтқарушылардың патрульдеу жүргізуі барлық жазғы маусым бойы жалғасатын болады. Қазіргі уақытта полиция мен еріктілердің қатысуымен ШҚО ТЖД 1391 профилактикалық рейд жүргізді. Рейд нәтижесі бойынша «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 440-бабы бойынша 93 адам және 364-бабы бойынша 60 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

ШҚО ТЖД баспасөз-қызметі