
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде Мемлекеттік қызметшілер күніне және Қазақстанның Мемкентехқадағалау құрылғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Департамент басшысы Елухан Әділханұлы Баймулдинов құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметшінің маңызды қасиеттері – бұл, ең алдымен, өзіне жауапкершілік ала білу, кәсіби өсу мен жетілдіруге үнемі ұмтылу, адалдық пен парасаттылық, сананың ашықтығы және инновациялық шешімдерге дайындық екенін атап өтті.
Іс-шара барысында Департамент қызметкерлері «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына 100 жыл» төсбелгісімен және алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хатымен Департаменттің бас маманы Айдана Мұратханқызы Оңалбаева марапатталды. Сонымен қатар, Департамент қызметкерлерінің балалары 100 жылдық мерейтой қарсаңында өткізілген «Менің ата-анам – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының қызметкерлері» тақырыбындағы шығармалар мен суреттер конкурстары бойынша номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті