Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті Байланыс және құлақтандыру басқармасының бас сарапшысы Федоренко Елена Николаевна 1962 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген, азаматтық қорғау органында 1996 жылдан бастап қызмет атқарады.
Қызмет атқарған кезеңінде өзін сауатты және орындаушы қызметкер ретінде жағымды жағынан көрсетті. 2003 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Автоматика, телемеханика және байланыс» мамандығы бойынша бітірген.
Жалпы мемлекеттік қызметте 25 жылдан аса қызмет атқарды. Ақпараттандыру, байланыс және құлақтандыру саласында үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Ұжымда лайықты құрметке ие.
Мемлекеттік қызметтегі мінсіз қызметі және мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2022 жылғы 17 маусымдағы № 131 бұйрығымен «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды.
ҚР ТЖМ Кадр саясаты департаменті