
22 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің баспасөз алаңында Суға шомылу маусымының өтуі бойынша брифинг өтті. Брифинг сприкері болып Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғау басқармасының бастығы Ратбек Демеуберген сө сөйледі.
Ыстық күндердің басталуымен елорданың су объектілерінің жағалауында демалатын тұрғындар ағыны ұлғаюда. Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД адамдардың суда қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау бойынша барлық қажетті іс-шаралар қарқынды жүргізуде.
Департамент Полиция қызметкерлерімен, Ұлттық ұланмен, еріктілермен және Жұмыспен қамту орталығының қоғамдық қызметкерлерімен бірлесіп күн сайын қаланың су айдындарында патрульдеу жүргізеді, оның барысында тұрғындармен әңгімелесу және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіттеу өнімдері таратылады. Су айдындарында тыйым салу белгілері, жүзбелі белгілер және ақпараттық стенділер орнатылды.
Бірақ бүгінгі күні атқарылған жұмыстарға қарамастан, статистика бойынша елорданың су айдындарында адамдардың қаза болуы 3 адамды құрайды, оның ішінде 3 бала. Адамдардың қаза болу фактілері суға шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған су айдындары учаскелерінде тіркелген. 2022 жылы 4 адам құтқарылған. Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласында шомылуға арналған су айдындарының 21 тыйым салатын учаскелері орнатылды, олар: Есіл өзені Шұбар түұрғын алабы, Газмашаппаратура, Тельман, Триатлон парк, Депутаттық қалашық, Қарасу өзені, Ақбұлақ өзені, Нұра-Есіл арнасы, Контрреттегіш және т. б. Сонымен қатар өткен жылы салынғанын "Триатлон парк" ауданында жағажай заңнамалық тұрғыда барлық талаптарға сай келмейтінін және пайдалануға жатпайтынын атап өткім келеді. Сондай-ақ, оқиғаларды болдырмау сондай-ақ әкімшілік айыппұлдардың әсер етпеуі үшін аталған жағажайды шомылу үшін пайдаланбауға шақырамын. Сондай-ақ, шомылуға рұқсат етілген 3 учаске - "Орталық қалалық жағажай", "Три пескаря" және "Астаналық аула" демалыс аймақтары анықталды.
Департамент судағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:
Нұр-Сұлтан қ. ТЖД баспасөз қызметі