Төтенше жағдайлар департаменті мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп Алматы қаласының су айдындарында рейдтік іс-шаралар жалғасуда

Төтенше жағдайлар департаменті мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп Алматы қаласының су айдындарында рейдтік іс-шаралар жалғасуда

Алматы қаласының су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жалпы су пайдалану қағидаларын және жалпы қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті Жергілікті полиция қызметімен, Республикалық жедел-құтқару жасағының, қаланың Құтқару қызметінің құтқарушыларымен, Қызыл Жарты Ай қоғамының және Lider KZ еріктілерімен бірлесіп Алматы қаласының акваторияларында рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Рейдтер барысында Төтенше жағдайлар департаменті демалушылар мен суда шомылушыларға су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын түсіндіреді, «Судағы қауіпсіздік!» тақырыбында оқу жадынамалары таратылады, сондай-ақ қалада шомылуға рұқсат етілген орындар жеткізіледі. Қазіргі уақытта «Судағы қауіпсіздік» тақырыбына 2000-нан астам жадынама таратылды.

Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде құлақтандыру автомобилі, сондай-ақ DJI Matrice 300 дауыс зорайтқыш құрылғысы бар пилотсыз платформа (дрон) тартылады.

Айта кетейік, Алматы қаласының су айдындарында профилактикалық рейдтік іс-шаралар ағымдағы жылдың 1 мамырынан басталды.

 

Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі