Атырау облысында кран құлады

Атырау облысында кран құлады

2022 жылдың 17 маусымында сағат 15:00 шамасында Құттығай батыр көшесі, 3-үйде орналасқан «Өндірістік-технологиялық жиынтықтар басқармасы» ЖШС базасының аумағында (Атырау облысы, Атырау қаласы) авария орын алды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ауа райының қолайсыздығына (жел мен жаңбырдың қатты екпіні) байланысты кран рельстен шығып кеткен. Кран операторы облыстық ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне жіберілді.

Аварияның барлық мән-жайлары мен себептерін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті арнайы тергеп-тексеру жүргізу үшін комиссия құрады.

Осы тергеудің нәтижелері қосымша хабарланатын болады.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті