Академияда алғаш рет ҰҚК Шекара қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары өтті

Академияда алғаш рет ҰҚК Шекара қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары өтті

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі директорының өтініші бойынша Қазақстан Республикасы ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында «Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің өрт қауіпсіздігіне жауапты лауазымды тұлғалары» санаты бойынша біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылып жүргізілді. Оқыту 2022 жылдың  13-18 маусымы аралығында өтті.

Оқытудың  негізгі мақсаты – Шекара қызметіндегі өрт қауіпсіздігіне жауапты лауазымды тұлғалардың күзетілетін нысандарда өрттің алдын алу бойынша іс-шараларды орындауды ұйымдастыру үшін қажетті құзыреттерін жетілдіру және кәсіби деңгейін арттыру болып табылады.

 

ҚР ТЖМ  Мәлік Ғабдуллин атындағы

Азаматтық қорғау академиясының

баспасөз қызметі