Алдын-ала сауалдар беру үшін «Сұрақ-жауап» бөліміндегі «Сұрақ қою» түймешігін басу және «Халықпен кездесу» санатын таңдау қажет
2022 жылғы 7-9 шілдеде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барады.
Министр Ақтөбе қаласының тұрғындарымен, кәсіпкерлермен кездеседі, сондай-ақ азаматтарды қабылдайды.
Сонымен қатар Министр брифингке қатысып, журналистердің министрліктің қызметіне қатысты сауалдарына жауап береді.
Азаматтардың сауалдарын, сұраулары мен ұсыныстарын жинақтау Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсындағы «Сұрақ-жауап» айдары («Халықпен кездесу» санаты), vk_dchs_aktub@emer.kz, ps@emer.kz электрондық поштасы арқылы жүргізіледі. Сұрақтар 2022 жылғы 1 шілдеге дейін қабалданады.
Тіркелу кезінде аты-жөнін, сауалын және байланыс дерегін (ұялы байланыс нөмірі) жазып қалдыру қажет.
(«2022 жылғы 7 шілдедегі халықпен кездесу» деп хаттың тақырыбын көрсеткен жөн).