Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар

АЙТЫЛДЫ:

«Халықты құлақтандыру жүйесі арқылы уақтылы хабардар ету қажеттігіне назар аудара отырып, ТЖ министрлігіне қойылған міндеттерді орындауды жалғастыруды тапсырамын».

 

ОРЫНДАЛДЫ:

АТ архитектурасы әзірленді және ҚР ТЖМ ішкі бизнес-процестерін автоматтандыруға бағытталған жеке бағдарламалық өнімдер жұмыс істейді:

- 2021 жылдың соңында автомобиль көлігіндегі авариялар кезінде шұғыл қызметтерді шақыруды автоматтандыру үшін «ААШШ» АЖ енгізілді;

- 2021 жылы Министрліктің орталық аппаратында АЖО – кезекші қызметтердің жұмысын автоматтандыруға арналған диспетчер жұмыс істей бастады.