ҚР Үкiметi мен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында оның болу шарттары туралы келісімге қол қойылды

ҚР Үкiметi мен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында оның болу шарттары туралы келісімге қол қойылды

2022 жылғы 17 маусымда ТЖМ-де Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында оның болу шарттары туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 ақпандағы № 52 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Келісімге қол қойды. Орталық атынан Орталықтың директоры Келісімге қол қойды.

Келісім 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 191-V Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2013 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықты құру туралы келісімнің 6-бабына сәйкес жасалды.

Осы Келісімді іске асыру Қазақстан Республикасының аумағында Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық өзінің мақсаттары мен міндеттерін орындауы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

 

ҚР ТЖМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті