
Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында 6 сәуірден 10 маусымға дейін пилоттық жоба шеңберінде алғаш рет Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері үшін "С" санатын бере отырып жүргізушілерді дайындау курстары өткізілді. Оқу барысында тыңдаушылар толық оқу бағдарламасын меңгерді.
Курс аяқталғаннан кейін ағымдағы жылдың 16 маусымында Академия бастығы полковник С.Д. Шәріпханов "С" санаты бойынша өрт сөндіру автоцистерналарын басқару құқығына оқудан өткені туралы куәлікті тапсырды.
ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының баспасөз қызметі