«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы, Ақсу ферроқорытпа зауытын жоспардан тыс тексеру нәтижелері

«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы, Ақсу ферроқорытпа зауытын жоспардан тыс тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың, оларды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін, нақты фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері», «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы, Ақсу ферроқорытпа зауытының қауіпті техникалық құрылғыларына жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында №1 және №6 балқыту цехтарының айналма блоктары тексерілді, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 11 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры В.Я. Чихичиннің қатысуымен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті