Алматы қаласында «Төтенше жағдайлар кезінде халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Апаттар медицинасының жай-күйі мен даму перспективалары» тақырыбында оқыту семинары өтті

Алматы қаласында «Төтенше жағдайлар кезінде халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Апаттар медицинасының жай-күйі мен даму перспективалары» тақырыбында оқыту семинары өтті

2022 жылғы 16-17 маусымда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Апаттар медицинасы орталығы филиалдарының басшылары арасында «Төтенше жағдайлар кезінде халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Апаттар медицинасының жай-күйі мен даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оқыту семинарының жұмысына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің, Әскери медицина орталығының өкілдері қатысты.

Олар төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсетудің өзекті тақырыптарын: «Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмекті ұйымдастырудағы ҚР ҚК Әскери клиникалық госпиталінің тәжірибесі», «Төтенше жағдай кезінде медициналық көмек көрсету және жаралыларды эвакуациялау», «ҚР төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғау», «Төтенше жағдайлар мен апаттар медицинасының өзекті мәселелері», «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери медицина орталығының қызметі», «Халықтың осал топтарына алғашқы көмек көрсету ерекшеліктері» тақырыптарында баяндамалар оқылды. тақырыптарын қамтыды

Практикалық тренингтерде зардап шеккендер мен науқастарды қабылдау арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық салдарын жоюға арналған АМО Апаттар медицинасы жасағының далалық мобильді госпиталі орналастырылды.

Семинар аясында Апаттар медицинасы орталығының ерекше көзге түскен қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. АМО құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің 30-дан астам медицина қызметкері марапатқа ие болды.

Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери медицина орталығының сертификаттары табысталды.

 

ҚР ТЖМ Медициналық-психологиялық қызмет басқармасы