
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ («Восточный» көмір разрезі) қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорынның негізгі қызметі электр және жылу энергиясын өндіру, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру болып табылады.
Тексеру барысында 56 объекті (негізгі және қосалқы цехтар, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар, технологиялық құбырлар, мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарлар, химиялық зертхана және басқалар) тексерілді, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 51 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті