
2022 жылғы 13 маусымда таңертең екі балықшы ауа-райының қолайсыз болжамдарына қарамастан, Алаяк өзеніне балық аулауға баруды шешкен. Жолда олар қатты жаңбырдың астында қалып, көліктері тұтқыр балшыққа батып, одан өз күштерімен шығу мүмкін болмады. Артынан қалың тұман түсіп, көмекке келер ешкім болмаған. Байланысу мүмкіндігі болған кезде, олар досына шамамен орналасқан жері туралы айтып үлгерген, кейінен байланыс үзілді. Түстен кейін екі адамның жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. 4 адамнан тұратын РЖҚЖ жедел тобы 1 бірлік техникамен оқиға орнына жолға шықты. Жол бойында олар Жамбыл ауданының ТЖ қызметкерімен кездесті. Іздеу жұмыстары қиын болды, себебі көлік қатты жаңбырдың салдарынан батпақты - тайғақ жолмен қалыпты қозғала алмады. Түн ортасына жақын құтқарушылар Қарғалы өзеніне жетті. 14 маусым күні таңертең іздеу аумағын кеңейту үшін, 1 автокөлік техникасымен 4 адамнан тұратын РЖҚЖ қосымша жедел тобы да жолға шықты. Таңғы сағат 8-де бірінші жедел тобы жоғалған балықшыларды тапты. Балықшылардың жағдайы қалыпты және медициналық көмекке мұқтаж емес еді. Олар эвакуациядан өз еріктерімен бас тартып, балық аулауды жалғастыруға бел буды. РЖҚЖ құтқарушылары балықшылармен тауда және тау өзендерінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы түсіндіру әңгімесін өткізді.
Құтқарушылар табиғатқа шықпас бұрын ауа-райы жағдайымен танысу және төтенше жағдай кезінде өздерін қажетті заттармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы еске салады. Міндетті түрде өздерімен бірге ұялы телефонға қосымша қуат көзін, су өткізбейтін қапшықта сіріңкені алып жүруге кеңес береді.
Сондай-ақ, туыстарыңызға баратын бағытыңыз туралы хабарлауды ұмытпаңыз. Тауға шығар алдында құтқару телефондарды жазып алыныз: 372-15-60-ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел кезекші бөлімінің телефоны, немесе 112
ҚР ТЖМ РЖҚЖ ММ баспасөз қызметі