Сарымсақты шатқалында сел жүрді - құтқарушылар осындай оқу-жаттығу өткізу сценарийін пысықтады

Сарымсақты шатқалында сел жүрді - құтқарушылар осындай оқу-жаттығу өткізу сценарийін пысықтады

Оқу-жаттығудың аңызы бойынша Катонқарағай ауданында 8 баллдық жер сілкінісі болып, салдарынан   мұз басқан көлдің жиегінің қирауына және селдің жүруіне әкеп соқты. Жыл сайын 500-жүзге жуық адам демалатын Сарымсақты шатқалы мен пантамен емдеу орталығының бірнеше үйіне жақын жерде демалған үш туристің шатырын су - балшық ағынымен жауып тастады.
Туристердің бірі қашып үлгермей, аяғынан жарақат алды. Сынған жарақаты  оған орнынан қозғалуына мүмкіндік бермеді.  Оқиға орнына ШҚО ТЖД құтқарушылары келді. Кинологиялық есеп алдымен қауіпті аймақта қалған зардап шегушіні іздей бастады. Сонымен қатар, басқа құтқарушылар оқиға орнында зардап шеккендердің бар-жоғын тексерді.
Турист табылған кезде ШҚО ТЖД қызметкерлері оған алғашқы көмек көрсетті және аяқ-қолын таңып, бекітті. Ер адамды таудан арнайы зембілмен түсіру туралы шешім қабылданды. Тасымалдағаннан кейін зардап шеккен адамды жақын маңдағы ауруханаға жатқызу үшін жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

«Бұл жер оқу - жаттығу өткізу үшін кездейсоқ таңдалған жоқ, ауылда қауіпті учаске Қатонқарағай ауылындағы 24 тұрғын үйге және   пантымен емдеу мекемесіне, 110 кв ЭБЖ, ЖҚС және Республикалық маңызы бар жолға қауіп төндіреді»,-деп түсіндірді Қазселденқорғау ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев. Оқу-жаттығу барысында ШҚО ТЖД қызметкерлері сел қаупі жағдайында өзін-өзі құтқару дағдыларын көрсетті.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі