
2022 жылдың 13 маусымда сағат түнгі 03:33-те «101» пультіне Қобыланды батыр даңғылы бойындағы 5 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Қостанайдың 1-МӨСБ келген өрт сөндірушілер үйдің екінші кіреберісінен қатты түтінді анықтады. Тұрғындар қауіпті аймақта болды. 2-қабаттағы пәтер мен қылтима (балкон) ашық жалынмен жанып жатты. Өрт 2-ші және 3-ші қабаттардағы іргелес қылтималарға (балкондарға) таралды. Өрт аумағы шамамен 24 шаршы метрді құрады.
Өртті сөндіру, қалыпты тыныс алуға жарамсыз жағдайларда азаматтарды құтқару және эвакуациялау үшін жұмысқа құрамында 6 адам бар газ-түтіннен қорғау қызметінің екі буыны бірден қосылды. ТЖД күшімен баспалдақпен 46 адам, оның ішінде 12 бала эвакуацияланды. 8 адам құтқарылды, оның ішінде 3-еуі бала. Оларды өрт сөндірушілер автосатының көмегімен жерге түсірді. Өртті сөндіруге Қостанайдың үш өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 19 адам және 5 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Сағат 04:07-де өрт ауыздықталып, кейін сағат 04:14-те өрт толығымен сөндірілді. ТЖД қызметкерлерінің батыл және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өртте адамдардың қаза болуына жол берілген жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға темекі шегу кезінде отты абайсыз қолдану нәтижесінде болған.
Статистика көрсетіп отырғандай, көп жағдайда өрт – адамдардың абайсыздығының және өз қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауының нәтижесінде туындайды.
Есіңізде болсын! Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау-сіздің әл-ауқатыңыздың, сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтаудың кепілі.
Қостанай облысының ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы