
2022 жылғы 11 маусымда екі ер адам моторлы қайыққа мініп жоғалып кетті. Іздеуге ШҚО ТЖД құтқарушылары шықты. Екі ер адам Белопорожка өзенінің сағасынан табылды. Олардың жүзу құралдары сол жерде тоқтап қалды.
Құтқарушылар мен жоғалғандардың достарының бірлескен күшімен олар Қарақожа ауылына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
ШҚО ТЖД құтқарушылары азаматтарға судағы қауіпсіздік шаралары туралы еске салады. Ешқандай жағдайда жер мен суды білмей, өз өміріңізге қауіп төндірмеңіз және қауіпті бағытты таңдамаңыз. Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі