
ШҚО ТЖД басшылығы өрт кезінде өзінің көршісін құтқарған, Өскеменнің екі тұрғынын марапаттады. 07 маусым күні Өскемен қаласында Высоковольтная көшесіндегі тұрғын үйді от шарпыды. Өртті, көрші тұратын Ризабек Қанапияноы байқап қалды. Ол еш ойланбастан, оқиға орнына қарай жүгірді. Алдымен ол өзінің туысқаны Манарбек Ауғанбаевпен бірге жануды жоюға тырысты. Көмекке шақырған айқайды естіп, жанып жатқан үйге кіріп, 1957 жылы туған, дивандағы ер адамды байқады. Оны арқасына салып алып, шығар есікке қарай жылжыды, алайда қатты түтінденген тұрғын үйде ештеңе көрінбейтін еді. Біраз уақыттан соң, ол ашшы түтіннің арасынан есікті байқады, сол мезетте оған көмекке Манарбек келді. Зардап шеккен ер адамды алып шыға сала, оны жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады. Қараған соң, жану өнімдерімен уланған ер адамды ауруханаға жеткізді. Келіп жеткен өрт сөндіру бөлімшесі жануды толық жойды. Өрт себебі бойынша версиялар қарастырылуда – отпен абайсыз болу. Ризабек пен Манарбек нағыз батырлар және олар өте қарапайым ер азаматтар. Манарбек Ауғанбаев №46 мектепте әскери басшы болып жұмыс жасайды, ал Ризабек Қанапиянов №3477 әскери бөлімшесінде қызмет етеді. Олардың батыл істерінің арқасында, адам өмірі құтқарылды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі