
2022 жылғы 9 маусымда Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапармен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Мәдіұлы Сыздықов және Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Анатольевич Титов келді.
Жұмыс сапарының бірінші күні төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелеріне жетекшілік ететін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Темірхан Жалғасұлы Меңдіғалиевпен облыстың тұрғындары мен аумақтарын азаматтық қорғау іс-шараларын одан әрі дамыту және іске асыру бойынша кездесу өтті.
«Уральскагрореммаш» АҚ-да болып, басшылықпен кездесу барысында Министрлік пен кәсіпорын арасындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы коммуналдық және жеке жағажайлардың шомылу маусымына дайындығын тексеріп, жағажайларды жабдықтау жөніндегі заңнамалық актілердің талаптарына сәйкес жоғары қауіпсіздікке келтіру бойынша ұсынымдар берілді. Сондай-ақ, бөлімшелердің дайындығын тексеру мақсатында «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Орал қ.)» ММ ведомстволық өрт сөндіру бөлімдері мен жедел-құтқару жасағына барды.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен кеңес өткізілді, оның барысында жұмыс мәселелері талқыланды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және қызметкерлердің құқықтық әлеуметтік деңгейін қамтамасыз етудің нормалары мен талаптары жеткізілді.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі