2022 жылғы 7-9 маусым аралығында республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің мамандарымен 3 күндік оқу-әдістемелік жиын өткізіліп, 22 адам оқытылды.
Жиын бағдарламасына сәйкес республикалық азаматтық қорғау қызметтері мамандарының біліктілігін арттыру, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі саласындағы заңнама нормаларын зерделеу мен түсіндіруге бағытталған теориялық және практикалық сабақтар жүргізілді.
Оқу-әдістемелік жиын аясында қатысушыларға азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының дайындығы көрсетілді және Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің күнделікті қызметімен таныстырылды.
Оқу-жаттығу жиындарын қорытындылай келе, Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Ұларбек Әбікеев аталған жиын мүдделі мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Әдістемелік оқу жиындарының соңында қатысушыларға сертификаттар мен оқу материалдары берілді.
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті