АНОНС

АНОНС

2022  жылғы 10  маусымда сағат  13.30-да Көкшетау қаласының «Тәуелсіздік»  алаңында ҚР  ТЖМ  Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының азаматтық қорғау органдары офицерлерінің кезекті шығарылымының салтанатты рәсімі өтеді.

Іс-шараға  Төтенше жағдайлар  министрі Юрий Ильин, Ақмола облысының  әкімі Ермек Маржықпаев, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, күштік құрылымдардың өкілдері, курсанттардың ата-аналары қатысады.

Бұл күні түлектерге оқу орнын бітіргені туралы дипломдар табыс етіледі, сондай-ақ  Академияның  Жауынгерлік Туымен қоштасу жоспарланған.

Биыл Азаматтық қорғау академиясы  «Әскери іс және қауіпсіздік» бакалавры бойынша 148  жас офицерді «Өрт қауіпсіздігі» және «Төтенше жағдайларда  қорғау»  оқу бағдарламалары бойынша дайындап шығарды.

Сонымен қатар, биыл алғаш рет ең үздік курсантқа ішкі қызмет полковнигі А.Н.Ақпаровтың 100 000 теңге көлеміндегі атаулы  бір жолғы  шәкіртақысы беріледі.

 

Аккредиттеу мәселелері жөнінде

Азаматтық қорғау академиясының баспасөз қызметіне 

8 7712821546, 87785238445 телефоны бойынша хабарласыңыз