Төтенше жағдайлар министрлігінің ардагерлері «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне барды

Төтенше жағдайлар министрлігінің ардагерлері «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне барды

Тарихи мәдени мұрамен және саяси қуғын-сүргін тарихымен танысу мақсатында Қазақстан Республикасы ТЖМ ардагерлері 2022 жылдың 7 маусымында саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған  «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешеніне барды (Отан сатқандары әйелдерінің Ақмола лагері).

Ардагерлер «АЛЖИР» лагері тарихымен, мұражай нысандарымен: «Сталиндік вагон», «Барақ», «Үмітсіздік пен әлсіздік», «Күрес пен үміт» композицияларымен танысты, ескерткіш қабырғасына гүл шоқтарын қойды.

«Қайғы аркасы» монументінің аумағында орналасқан екі дүниенің – тірілер мен өлілердің тоғысқан киелі өлкенің кіреберісін бейнелейді.  Ескерткіш өзімен бірге қайтыс болған күйеуі мен жоғалған балаларын жоқтап жатқан әйелдің бейнесін бейнелейді.

Арқа жолының астынан өтіп бара жатқан кезде ТЖМ ардагерлері бастарын иіп, қуғын-сүргін жылдарындағы қайғылы оқиғада қаза болғандарды еске алды.  

Тарихтың есінде Ақмола лагері, бұл жер ХХ ғасырдағы адамзат қасіретіне әлі күнге дейін тілсіз куә болып табылады.

 

 «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің

қазақсандық ұйымы» қоғамдық бірлестігі