Азаматтық қорғау академиясының 148 курсантына әскери билет пен төсбелгілер табысталды

Азаматтық  қорғау  академиясының  148  курсантына әскери билет пен төсбелгілер табысталды

2022 жылдың 8 маусымында  Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының күндізгі оқу факультетінің 4-курс курсанттарына  Ақмола облысының Қорғаныс істері бойынша департаменті басшылығының қатысуымен салтанатты түрде әскери билеттер тапсырылды.

Департамент бастығының орынбасары подполковник  А.Т. Алиев әскери билет ең алдымен жұмылдыру, соғыс жағдайында және соғыс кезінде әскери міндеттілердің жеке есеп-әскери құжаты болып табылатынын жеткізді, одан кейін курсанттарға  алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Үздік түлектерге Академия бастығы полковник С.Д.Шәріпханов грамоталар табыстады.

Президент қолынан лейтенант погонын алған  түлек Бекзат Саятұлы  4-курс курсанттары атынан Академияға естелік сыйлық табыстады.

Сондай-ақ, бұл күні оқу орнының бірқатар қызметкерлері міндеттерін адал атқарғаны үшін Академияның 25 жылдығын мерекелеуге байланысты Төтенше жағдайлар Министрлігінің  грамотасымен марапатталды.  

Іс-шараның соңында Академияның  жеке құрамы оркестрдің үнімен саптық алаң бойымен салтанатты жүріспен өтті.

 

ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының баспасөз  қызметі