Жас жүргізушіні ТЖ алдын алуға қосқан үлесі үшін құттықтады

Жас жүргізушіні ТЖ алдын алуға  қосқан үлесі үшін құттықтады

Балалар жылы аясында, балалар радиохабарының жас жүргізушісін «Еrtіs» телеарнасының студиясында Балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Павлодар қ. М. Әуезов атындағы орта мектептің 3 сынып оқушысы Танжан Балнұр Павлодар облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Танжанов Теміржанның қызы, Павлодар облыстық «Халық» радиосында «Бақытты балалық шақ» балалар бағдарламасын жүргізеді. Ол радио тыңдаушыларына әртүрлі қызықты әңгімелер мен ертегілерді айтады, олар нақты өмірдегі балалардың қауіпсіздігімен байланысты.

«Бақытты балалық шақ» жаңа жобасы бүкіл республика бойынша Павлодар облысында ғана жүзеге асырылуда.

Облыстық «Еrtіs» телеарнасы таңғы бағдарламаға жас жүргізуші Танжан Балнұрды шақырып, тікелей эфирде халықты, әсіресе балаларды қауіпсіздікке шақырғаны және оқытқаны үшін Балаларды қорғау күнімен құттықтап, оған сәттілік пен бақытты балалық шақ тіледі.

 

Азаматтық қорғаныс басқармасы