
Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері "Фонтан" аквасаябағының базасында аквапарктерде суға батып бара жатқан адамды байқаған жағдайда алғашқы көмек көрсету және қызметкерлердің іс-әрекеттері мәселелері бойынша бірлескен шебер-класс өткізді. Іс-шараға Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері мен жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қатысты.
"Фонтан" аквасаябағы қаладағы ең танымал және демалушылар көп келетін орындардың бірі. Аквасаябақтың ресми ашылу күніне орай 40 ерікті құтқарушы Шымкент құтқарушыларынан адамдарды құтқару бойынша шебер-класс алды. ТЖ қызметкерлері іс жүзінде суға батқандарды құтқару және зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету ерекшеліктерін көрсетіп өтті.
Бұл іс-шара демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлердің білім деңгейін арттыруға бағытталған. Қала аумағында орналасқан 18 бассейндер мен аквасаябақтардың ерікті құтқарушыларымен практикалық сабақтар өткізіледі.
Шымкент қ.ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы