Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті 7-9 маусым аралығында республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің мамандарымен 3 күндік оқу әдістемелік жиыны өткізілуде.
Жиын барысында республикалық азаматтық қорғау қызметтері мамандарының біліктілігін арттыру, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі саласындағы заңнама нормаларын зерделеу мен түсіндіруге бағытталған теориялық және практикалық сабақтар өткізіледі.
Осындай оқу әдістемелік жиындар өз кезегінде мүдделі органдардың арасындағы байланысты күшейтуге және қызмет барысында азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру мен жүргізу тәсілдерін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комтеті