2022 жылғы 4 маусымда сағат 19: 42-де Түркістан қаласында 112 пультіне Нақыпов көшесінде тұратын тұрғыннан үйге жыланның кіріп кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Сағат 19:59-да Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері оқиға орнына келді. Сағат 20:30-да жылан үйден шығарылып, қала сыртына, қауіпсіз жерге жіберілді.
Құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Жыланды байқаған сәтте қауіпсіз жерге тұрып, құтқарушыларды шақыру қажет.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі