
Жарма ауданының Салқынтөбе ауылында кезекшілікке түскен құтқарушы Дәулет Ғабдуллин және учаскелік полиция инспекторы Дастан Иманов дәретхананың шұңқырына түсіп кетіп, бірнеше күн қалған күшікке көмекке келді.
Қараңғы шұңқырдағы кішкентай күшік әбден қорқып қалыпты.
Құтқарушы мен полиция қызметкері қолдан ілмегі бар сырық жасап, абайлап жануарды мұқият алып шықты. Қазір күшік қауіпсіз жерде. Ауыл тұрғындары төрт аяқты жануарға көмектескені үшін алғыстары шексіз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі