
ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай әскери қызметшілердің балаларымен бірқатар іс-шаралар өткізілді. Оларға «Әкем, анам және мен – біз бақытты жанұямыз» спорттық эстафетасы, «Менің үйім, менің әлемім, менің Қазақстаным» сурет салу конкурсы, 60 метрге жүгіру, белтемірге тартылу және кешенді күштік жаттығуларды орындаудан жарыстар, «Тик-ток» би мерекесі ұйымдастырылды. Аталған конкурс жеңімпаздарына дипломдар және сыйлықтар, сонымен қатар әскери қызметшілердің мүмкіндігі шектеулі балаларына да сыйлықтар берілді. Мереке соңында сарбаздар асханасында балаларға мерекелік түскі ас ұйымдастырылды.