Балалар жылы және Халықаралық балалар күнін мерекелеу аясында, сонымен қатар құтқарушы мамандығын насихаттау мен балалардың осы мамандыққа қызығушылығын арттыру мақсатында Төтенше жағдайлар ардагерлер ұйымының және Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясының қолдауымен Министрліктің орталық аппараты және ведомствалары қызметкерлерінің балалары арасында «Өрт сөндіруші және құтқарушы – балалар көзімен» атты байқау өткізілді.
Байқау барысында аниматорлардың қатысуымен әртүрлі ойындар, жарыстар және билер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, арнайы техникалар мен жабдықтарды көрсету жүзеге асырылды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға дипломдар, жүлделер мен сыйлықтар табысталды.
Кадр саясаты департаменті