Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 58 бұзушылық анықталды

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 58 бұзушылық анықталды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары с «Ембімұнайгаз» АҚ қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Қазақстандық мұнай компаниясы мұнай-газ кен орындарын геологиялық барлау мен игеруді, Атырау облысының аумағында орналасқан кен орындарында мұнай мен газды өндіру мен дайындауды жүзеге асырады.

Тексеру барысында өндірістік құрылымдық бөлімшелерде орналасқан 136 объекті (ұңғымалар қоры, мұнай дайындау пункті, мұнай жинау пункті, автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысы, сорғы станциясы, төгу-құю терминалы, резервуарлық парк, құбырлар және басқалар) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 58 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі және 306-бабы 4-бөлігі бойынша айыппұлдар түрінде әкімшілік жазалар салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша компания өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті