Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютин Академия қызметкерлерімен жүздесті. Депутат ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум жайында ақпарат берді.
Сондай-ақ комитет төрағасы оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, Академия мұражайын аралады.
Кездесу соңында Александр ТЖМ кадрын дайындайтын Академияның профессорлық-оқытушы құрамына алғыс айтып, қызметкерлерге сәттілік пен жетістіктер тіледі.
ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының
баспасөз қызметі