
2022 жылғы 2 маусымда Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сағат 11:58-де орман өрті болды. Ол туралы Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Шаймарденов Қайрат айтты. Өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдардан, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен, сондай-ақ Павлодар облысы ТЖ департаментінен 39 бірлік техника мен 132 жеке құрам жұмылдырылды.
Жалпы өрттің аумағы шамамен 5 га құрады. Құрғақ шөп, торф және ағаштың жануы болды. Өрттің алдын ала себебі-найзағай разряды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт 2022 жылдың 3 маусымда сағат 13:30-да ауыздықталды.
Павлодар облысы ТЖД