
Соңғы бірнеше жыл ішінде Қарағанды өңірінің құтқарушылары техника паркін біртіндеп жаңартуда.
Соңғы жаңалықтардың бірі Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен ТЖ департаменті сатып алған көпфункционалды катер.
2022 жылдың 1 маусымынан бастап «Бертіс» көпфункционалды құтқару катері Балқаш көлінде жауынгерлік кезекшілікке түсті. Кеме жүзу кезеңі ішінде Балқаш акваториясын патрульдейтін болады.
Катер жоғары берік коррозияға ұшырамайтын материалдан жасалған, тұрақтылық, суға батпаушылық және катердің қауіпсіздігі мемлекеттік стандартқа сәйкес келеді.
Қайық прожектормен, ажыратымдылығы жоғары теңіз радарымен, 100 м тереңдікте жұмыс істеуге арналған суасты аппаратымен, квадрокоптермен жабдықталған.
Сондай-ақ жиынтыққа құтқару шеңберлері мен кеудешелер, радиостанциялар, ауамен тыныс алу аппараттары, құрғақ және дымқыл үлгідегі гидрокостюмдер, сүңгуір боттар мен қапсырмалар кіреді.
Қайықтың тұмсық бөлігінде кабина орналасқан. Бұдан басқа, рубка, гидравликалық рульдік басқару жиынтығы, жүргізуші мен жолаушының айналмалы орындықтары, сүңгуір трабы алаңы бар.
Катерді тасымалдау үшін кемеге арналған тіректері бар тіркеме қарастырылған.
Катерді "Қарағанды шағын кеме жасау верфі"ЖШС дайындады.
Балқаш қаласының құтқарушыларында барлығы 6 жүзу құралы бар.Жаңа жылдам жүретін кеме судағы оқиғаларға ден қою жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі