«ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» СБК ЖШС тексеру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 11 бұзылуы анықталды

«ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» СБК ЖШС тексеру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 11 бұзылуы анықталды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырауской облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» СБК ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі мұнай ұңғымаларын салу және пайдалану кезінде сервистік қызмет көрсету болып табылады.

Тексеру барысында 3 мобильді және стационарлық бұрғылау қондырғылары тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 11 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті