«KazDrilling Company» ЖШС тексеру нәтижелері

«KazDrilling Company» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «KazDrilling Company» ЖШС (№2 өндірістік учаскесі) қауіпті өндірістік объектілеріне және қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі Түркістан облысы аумағында бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Тексеру барысында жарылғыш материалдардың жылжымалы қоймасы, сондай-ақ «Шақпақбаба» тунелінде жарылыс жұмыстарын жүргізу процесі тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 5 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 297-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті