
Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында алты жасар бала көшеде бетон плиталарының арасынан өтіп, ойнап жүріп, қысылып қалған. Жедел көмекке 18-ӨСБ қызметкерлері мен жергілікті халық келді.
Алдымен олар плиталарды бөлшектеу үшін жүк тиегіш пен кранды тартқысы келді. Бірақ баланың жылауынан және уақыт тапшылығынан жұмылдырылмады.18-ӨСБ жүргізушісі Дархан Байғалиев пен "МҮ жоба" шебері Азамат Дүзеев мұқият дайындалып, бірге қысылған баланы шығарып алды.Жедел жәрдем дәрігерлері оны тексеріп, балада кесілген, жарақат алған жерлері жоқ деп қорытынды берді.
ШҚО ТЖД құтқарушылары ата-аналарға қырағылық танытып, балалар жаңында үнемі болу қажеттілігін еске салады.
Оқиғалар балалардың жалғыз қалуынан және ойын үшін қауіпті жерлерді таңдаудан туындайды.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі