
2022 жылғы 30 мамырда Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті Кадр саясаты басқармасының жеке құрамы бойынша инспекторы азаматтық қорғау подполковнигі Ш.М.Сартов жұмыс сапарымен Байғанин, Темір аудандарында болды.
Іс-сапар барысында аудандардың ӨСБ-нің ғимараттарын аралап, жеке құрамның саптық дайындығы тексерілді.
Жұмыс сапары кезінде жеке құраммен кездесіп, көкейде жүрген сұрақтармен және ұсыныстар бойынша ұжымға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, әскери тәртіпті қатаң сақтау және азаматтық қорғау қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру туралы сөз қозғалды. Кездесу соңында азаматтық қорғау органдарындағы тәртіптің, заңдылықтың сақталу бойынша 2022 жылғы 1-тоқсанына шолуы таныстырылды.
Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі