Алматы құтқарушылары қаіпсіздік акциясын бастады

Алматы құтқарушылары қаіпсіздік акциясын бастады

Жылдың басынан бері алматылық құтқарушылар ТЖ орындарынан 162 адамды, оның ішінде 24 баланы құтқарды.

1 маусым күнi ТЖ департаментi "Қауiпсiз жаз" акциясын бастады. Медеу ауданындағы Орталық саябақ пен Әуезов ауданындағы «Family park» аумағында "Қауiпсiздiк бұрыштары" құрылып, жас алматылықтар мотоциклеттi экипаждар және құтқару  техникаларымен танысты, сондай ақ сурет байқаулары мен би ойындары ұйымдастырылды Оқушылар үшiн өрт қауiпсiздiгi бойынша викториналар, cу айдындарында және жер сiлкiнici кезiндегi ic-әрекеттер туралы волонтерлармен флэшмобтар өткiзiлдi.

Балалардың назарын үшін аниматорларларды қатыстырып,  балалармен және олардың ата-аналарымен су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді, "судағы қауіпсіздік" жадынамаларын таратылып,  белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды

Мереке соңында барлық қонақтар өрт сөндiру көлiктерiнiң қасында суретке түсiп, өрт сөндiрушiлердiң киiмдерiн киiп көрдi.

Құтқарушылардың міндеті- бұл балалардың қауіпсіздік мәдениетін, ТЖ кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын насихаттау және дамыту, балалардың шұғыл жағдайда дұрыс іс-әрекет қолдануы үшін білімдерін бекіту.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері алматылық құтқарушылар ТЖ орындарынан 162 адамды, оның ішінде 24 баланы құтқарды.

 

 

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі