Халық пен аумақты ТЖ қорғау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум және ТЖ алдын алу және оларды жою бойынша өзара іс-қимыл жоспарына қол қойылды

Халық пен аумақты ТЖ қорғау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум және ТЖ алдын алу және оларды жою бойынша өзара іс-қимыл жоспарына қол қойылды

1 маусымда Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Сәбит Битаев пен Астрахань облысы бойынша РФ ТЖМ Бас басқармасының бастығы ішкі қызмет полковнигі Алексей Мурзин Халықты және аумақты төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға және Ведомстволық бағынысты аумақтардағы авариялар, дүлей зілзалалар мен апаттардан туындаған ТЖ алдын алу және жою мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жоспарына қол қойды.

Аталмыш іс-шараның мақстаы Атырау және Астрахань облыстарының шекара маңы аудандарында төтенше жағдайлардан тиімді ынтымақтастықты ұйымдастыру. Сондай-ақ ТЖ туралы өзара ақпарат алмасу, тәжірибе алмасу болып табылады.

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы