
2022 жылғы 31 мамырда 52859 әскери бөліміне ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Милютин Александр Александрович, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары полковник Советов Алексей Сергеевич, Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Ахметжанов Ақылбек Қосманұлы келді.
Сапар барысында Александр Александрович 5 маусымда өтетін Республикалық референдумның маңыздылығын түсіндірді және әскери бөлім тұрмыс-тіршілігімен танысты,сонымен қатар жақында ғана қатарымызға қосылған 1-2022 шақырылым жас сарбаздармен сұхбат жүргізді.
52859 әскери бөлімінің командирі полковник Билялов Бауыржан Ерболатұлы мәртебелі қонақтарды полк жеке құрамымен таныстырып, штаб, сарбаздардың жатын, психологиялық жеңілдету бөлмелері, ақпараттандыру және тәрбие жұмысы сыныптары, қару-жарақ, арнайы техника, құтқару құралдары мен жабдықтарын, сонымен қатар әскери бөлімдегі материалдық базасын көрсетті. Сонымен қатар арнайы орналастырылған шағын шатырлы лагерь көрсетілді. Онда барлық қолайлы жағдай жасалған жатын орын, жеке-тәрбие жұмысының бұрышы мен мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің тамақтану рационы бар асхана бар.
Әскери бөлімнің құтқару бөлімшесі мен кинологиялық топ қызметтік ит пен арнайы жабдықты қолдана отырып, қойылым көрсетті.
Мәжіліс депутаты Александр Малютин әскери бөлімге оң баға беріп, жеке құрамға қызметте сәттілік тілеп, жылы лебіздерін жеткізді.
ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі