Шығыс Қазақстан облысында мұнара краны құлады

Шығыс Қазақстан облысында мұнара краны құлады

2022 жылғы 1 маусымда  сағат 11.20-да Қ. Сәтпаев даңғылы, «Спорт» шағын ауданы, 79-80 позиция бойынша тұрғын үй құрылысы объектісінде «СтройТрастПроект» ЖШС-не тиесілі КБ-403 А мұнара краны құлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, мұнара кранының өздігінен қозғалуынан, қатты желдің салдарынан кран қисайып, тұрақтылығын жоғалтқан (кран рельстерінің сынуы және тоқтап қалудың болмауы).

Жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстардың бұзылуы мен бүлінуі болған жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Құлау кезінде кран қолданылмаған.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мұнара кранының авариясын тексеру жөніндегі комиссия құрып жатыр.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті