
2022 жылғы 1 маусымда «Семей-орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Жаңа-Семей филиалының Подгороднее орманшылығы орман жабынының аумағында (қарағай) өрт шықты.
Өртті сөндіруге Шығыс Қазақстан облысының ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ №68303 әскери бөлімінің орманшылары мен күштері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Барлығы жеке құрамнан 399 адам және 85 бірлік техника жұмыс істеуде.
Семей қаласында өрт қауіптілігінің 5 сыныбы жарияланған.
Өрттің шығу себебі найзағайдан болды деген болжам бар. Өрт алаңы анықталуда. Әуеден мониторинг жасау үшін «Қазавиаорманқорғау» «Ми-2» тікұшағы тартылды.
Қазіргі уақытта өрттің таралуы тоқтатылды. Орман іші аймағында жұмыстар жүргізілуде.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі